Accessibility links

Беларуссияның белгілі жазушысы Василь Быков дүние салды.


МИНСК: Жексенбі күні кешкісін Беларуссияның 80-ге аяқ басқан белгілі жазушысы Василь Быков дүние салды. Оның қалыңдығы хабарлағандай, қарт жазушы тыныс алу жолдарын емдейтін аурухананың реанимация бөлімінде қайтыс болды. Василь Быков таяуда ғана Чехияда асқазанындағы ісікті алдырған болатын. Алайда ісік ауруы оның басқа да ағзаларына, оның ішінде бүйрегіне де жайылған болып шықты. Василь Быков – 2-нші дүниежүзілік соғыс туралы жазған бірнеше шығармасымен кең танылды. 1973-інші жылы ол Совет Одағының мемлекеттік сыйлығына ие болды, 1999-ыншы жылы оған Ресейдің “Триумф” сыйлығы берілді. Белгілі жазушы Беларуссияның қазіргі президенті Александр Лукашенконы ащы сынап келді.
XS
SM
MD
LG