Accessibility links

Һаза аймағында болған жарылыстың нәтижесінде 4 палестиндік мерт болды.


ТАЯУ ШЫҒЫС: Һаза аймағында өткен жексенбінің кешінде болған жарылыстың нәтижесінде 4 палестиндік қаза болды. Жарылыстың себебі әзірше белгісіз. Палестина жағының мәлімдеуінше, жергілікті халықтың бір тобына Израиль танкінен оқ атылған. Израиль армиясы басшылығының мәлімдеуіне қарағанда, жексенбі күні ол ауданда армия бөлімдерінің іс-қимылы болмаған. Израильдіктердің болжамынша, палестиндіктер жарылғыш затты бәір жерден екінші жерге көшірмек болып, абайсыз жарылған болуы керек. Осы күні АҚШ, ЕуроОдақ және БҰҰ-ы мен Ресей өкілдері Израиль мен Палестина аутономиясы басшылығын жүзеге асыруға осындай қантөгіс қақтығыстар тосқауыл болып отырған Таяу Шығыс жанжалын реттеудің халықаралық жоспарын құтқаруға шақырды. Оның ішінде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл: Тель-Авивті палестиндік топтардың жетекшілерін өлтіруге кіріскен тәжірибесі үшін өткір сынға алды. Оның пікірінше, ондай шаралар нәтижесінде әдетте бейбіт халық жапа шегеді. Ал Израиль өкіметі терроршылдпарды жою шараларын әрі қарай жалғастыратынын мәлімдеуде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG