Accessibility links

Конституцияға өзгерістер енгізу мәселесі бойынша Тәжікстандағы бүкіл халықтық дауыс беруге халықтың 91 пайызы қатысты.


ДУШАНБЕ: Конституцияға өзгерістер енгізу мәселесі бойынша Тәжікстанда жексенбі күні болған бүкіл халықтық дауыс беруге, бастапқы ақпар бойынша, халықтың 91 пайызы қатысты. Референдум заңды болуы үшін сайлаушылардың кем дегенде 50 пайызы қатысуы керек. Тәжікстан азаматтарына ұлттық конституцияға 50-ден аса өзгеріс енгізу мәселесі бойынша дауыс беру ұсынылды. Ол өзгерістердің ішінен ең маңыздысы – Тәжікстанның қазіргі президенті Эмомали Рахмоновқа, қазіргі мерзімінің 2006-ншы жылы аяқталысымен, тағы екі рет президент сайлауына түсуіне мүмкіндік береді. Демек оның 17 жыл президент тағында отыруына болады. Жексенбі күні Эмомали Рахмонов: келесі президенттік сайлауға не түсетін, не түспейтіні жөнінде әлі шешімге келмегенін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG