Accessibility links

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Канадаға ресми іс-сапармен барады

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Маусымның 23-і күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Канадаға ресми іс-сапармен барады.

Қазақстан басшысының іс-сапар бағдарламасында Канада премьер-министрі Жан Кретьенмен Сенат спикері Дэниел Хейспен, генерал-губернатор Адриенн Кларксонмен және үкімет мүшелерімен кездесулері мен келісөздері, бірлескен құжаттарға қол қою жоспарланған,-деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің баспасөз қызметі.

Сапар барысында Мемлекет басшысы “Қазақстан: Орталық Азияның жақұты” атты сауда-инвестициялық мәслихатына қатысады.

Ресми делегация құрамында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев, Индустрия және Сауда министрі Әділбек Жақсыбеков, Энергетика және Минералдық ресурстар министрі Владимир Школьниктер бар.
XS
SM
MD
LG