Accessibility links

Еуропа қайта құру және даму банкi Қазақстанға 5 млн. евро грант бөледi

  • Төлеутай ТҰРАРҰЛЫ

Еуропа қайта құру және даму банкi Қазақстанға туберкулезбен күресу жобасын iске асыру үшiн 5 миллион евро көлемiнде грант бөледi. Бұл ақша жекелеген облыстарға және осы кеселдiң негiзгi ошақтарының бiрi болып есептелетiн абақтылардағы жағдайды жақсартуға жұмсалмақ. Батыс Қазақстан облысы бойынша, аталған банктiң 1 млн. евро көлемiндегi гранты Ақтөбе облыстық туберкулез диспансерiне бөлiнетiн болады. Аталған диспансердiң бас дәргерiнiң орынбасары Ақберден Оразалиннiң айтуынша, грант ақша түрiнде емес, медициналық жабдықтар және диспансердiң шаруашылық бөлiмдерiне қажеттi дүниелер түрiнде берiлмек.

Ақтөбе облысы көкiрек кеселiне ұшырағандардың сандық көрсеткiшi бойынша Қазақстандағы ең ауыр жағдайға душар болып отырған аймақтардың бiрi. Облыстың әрбiр 100 мың тұрғынының 259-ы туберкулезбен ауыратындар.

Келесi жылы Ақтөбенiң сыртында туберкулезден сауықтыру кешенiнiң құрлысы басталмақ. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 500 млн. теңге қарастырылған. Оразали мырзаның айтуынша, қаланың шетiне орналасқан қазiргi диспансерiнiң жағдайында халықты көкірек дертiнен сауықтыру қызметi аса қиын жағдайда жүргiзiлуде. Бүгiнгi таңда 500 төсектiк бұл ауруханаға бiр кезекте 600-ден астам ауруды жатқызуға тура келуде.
XS
SM
MD
LG