Accessibility links

Ирақта бейбiтшiлiк орнықтыру iсiне қатысатын қазақстандық жасақ құрылды.


Иракта бейбiтшiлiк орнықтыру операциясы үшiн Қазақстанда 25 маманнан тұратын арнайы жасақ құрылды. Қазақстан Қорғаныс министрлiгi баспасөз қызметiнiң хабарлауынша, оның құрамындағы 3 аудармашы мен 8 офицер-маманнан басқасы әскери борышын Қазбатта келiсiм-шарт негiзiнде өтеп жүргендер. Олар қазiр қосымша дайындықтан өтуде. Сонымен қатар ағылшын тiлiн оқып-үйренуде.

Бiтiмгершiлiк контингентi Ираққа барған соң үш топқа бөлiнуi мүмкiн. Алғашқысы халықты сумен жабдықтаумен, екiншiсi қопарғыш заттарды iсдестiрiп, залалсыздандырумен, ал үшiншi топ алғашқы екеуiн керек-жарақпен жабдықтаумен айналысуға тиiс. Алғашқы болжамға қарағанда, осы мақсаттарды жүзеге асыру үшiн 100 мың доллар жұмсалмақ.

Естерiңiзге сала кетейiк, 2003 жылдың сәуiр айында «Иракты азат ету» операциясына қатысушы халықаралық коалиция Қазақстан басшылығынан Ирақта бейбiтшiлiк орнату бағытындағы iс-қимылдарға қосылуды сұрап, өтiнiш бiлдiрген болатын. Құрамында инженерлiк-техникалық, әскери-медициналық және басқа да саланың мамандары бар қазақстандық жасақ осы өтiнiштiң негiзiнде құрылып отыр.
XS
SM
MD
LG