Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы “Хамастағы өлім Бейбітшілік үдерісіне кедергі болуы мүмкін” дейді.


АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауел Жексенбі күні Хамастағы белгілі жетекшілердің бірі Абдұлла Кауасменің өліміне орай өз өкінішін білдірді. Хатшының айтуынша, бұл қылмыс, халықаралық мәмілігерлердің Бейбітшілік жоспарына кедергі болуы мүмкін.

Тілшілерге “Біз бұл қауыпты жағдайдан тиімді жол тауып шыға білуіміз керек”, - деген Колин Пауел.

АҚШ, Ресей, БҰҰ және Еуропа одағы өкілдерінің “Жол картасы” жөніндегі бас қосуында.

“Біз аймақтық бейбітшілікті қалаймыз. Бірақ бейбітшілікпен бірге экономикалық даму да қажет. Болмаса ол бейбітшіліктен береке болмайды. Сондай-ақ, ол аймаққа инвестиция да қажет” дейді АҚШ мемлекеттік хатшысы. Хеброн қаласындағы бұл қасақана өлімді, Ызрайыл, сенбі күнгі мәлімдемеде қатты айыптады.

“Біз Ызрайыл және Палестина қауыпсыздық күштері арасындағы өзара үйлесімді нығайту жолында жұмыс істеудеміз. Екі тараф та терроршыларды табуда , барлау дерек-мәліметтерімен алмасқаны жөн болар”, - дейді Колин Пауел. Дәрігерлер мен күәлардың айтуынша, жексенбі күңгі қасақана жарылыста, Газа жолағында Палестиналық төрт азамат мерт болған. Әзірше, ол қылмысты ұйымдастырғандар жөнінде анық ахбарат жоқ. Екі тараф бір-бірін айыптауда, дейді Ройтер тілшісі.

Таяу шығыс мәселесі бойынша, мәмілегер төрттік топ Йорданиядағы Әлемдік эканомикалық форумда кездесіп, Ызрайыл мен Палестин елі арасындағы жанжалды шешүге арналған “Жол картасын” да талқылады. Негізгі мәселелердің бірі, 2005-жылы тәуелсіз Палестин мемлекеттігін заң жүзінде рәсімдеу, дейді талдаушылар.

“АҚШ президентінің мақсаты - даму жолындағы мемлекеттерге көмектесу, сауда-саттық жүйесін реттеу, Таяу шығыстағы елдерге Әлемдік сауда ұйымына мүше болып кіруге жәрдемдесу”, - дейді АҚШтық сауда-саттық палатасы өкілі Роберт Зоеллик.

Колин Пауел, Ресей сыртқы істер міністрі Игор Иванов , Еуропа сыртқы саясат жетекшісі Хавиер Солана және Грекия сыртқы істер міністрі Папандрео арасында өткен келіссөздерде қатысқан БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан да “бұл жанжал, зорлық-зомбылықты шешүде бірер жол табу керек”, - дейді.

Соңғы аптадағы аймақтық сапарында, Колин Пауел, Газа жолағы мен Бетлехемдегі қауыпсыздық бақылау міндетін Палестиндықтарға өткізу мәселесін талқылады.

Ызрайыл сыртқы істер міністрі Силван Шалом, жексенбі күні, тілшілерге, ,, екі ел арасындағы бейбітшілік келісімінің тезірек шешілуін қалайтындығын айтты. “Ызрайыл, Газа мен Бетлехем мәселесін реттеуге ынталы. Бірақ бұл Палестиндықтарға тікелей қатысты”, - дейді Ызрайылдық бас дипломат.

Халықаралық төрттік арасындағы келіссөздерге қатысқан бір ресми адамның Ройтер тілшісіне айтуынша, Ызрайыл, Газадағы негізгі жолды Палестиндықтармен бірге күзету мәселесін шешүді қарастыруда екен.
XS
SM
MD
LG