Accessibility links

Жексембі күні кешке Газа аймағындағы жарылыстан 4-палестиндік опат болды.Палестин жағының мәлімдеуінше жергілікті тұрғындарға ызрайльдік танк оқ атқан.


Бірақ ызрайль әскери басшылығының айтуынша жексембі күні бұл ауданда еврей әскери құрылымдары болмаған. Ызрайлдіктердің айтуынша бәлки палестиндіктер жарылғыш затты тасымалдап келе жатып, ол абайсызда жарылған болуы мүмкін.Кеше АҚШ, Еуро Одақ, Ресей және БҰҰ-ның өкілдері Ызрайль мен Палестин автономияасының өкілдерінен Тайау шығыстағы бейбітшілік сақтау жоспарын құтқаруға шақырды,бұның іске асырылуына жаңа қан төгістер өз зыйанын тигізуі мүмкін.АҚШ мемілекеттік хатшысы Колин Пауэлл Ызрайльдің палестиндік қарулы топ басшыларын өлтірулері кезінде бейбіт тұрғындар запа шегетіндігіне назар аударып бұл үшін сынады.Ызрайль билік орындары болса терроршыларды жойыуларын жалғастыра беретіндіктерін айтуда.Кеше Иорданияада өтіп жатқан Әлемдік экономикалық жыйында сөз алған БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан Ызрайльдіктер мен палестиндіктер арасындағы бейбітшілік орнату мүмкіндігіне былайыша тоқталып өтті. "Біз Палестин үкіметінен ызрайльдіктерге шабуыл жасауды жоспарлаушы адамдар мен топтардың әрекетеріне тоқтау салуға шақырамыз". Сондайақ өз сөзін жалғастырып Аннан былай деді. "Палестиндік бейбіт тұрғындардың өмірін үзетін ызрайльдік қосындардың әрекетері қауіпсіздікті артырмайды және серіктестікке бағытталған мүмкіндіктерді тудырмайды".

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG