Accessibility links

Павлодарлық полиция үнпарақтар мен баспасөз заттарын тәркіледі


Соңғы сағаттарда бізге келіп жеткен мәліметтерге қарағанда Қазақстанда жерді жеке меншікке беру жөніндегі республикалық бастамашы топ өкілдері мінген көлікті маусымның 24-күні Павлодар қаласына кіре берісте полиция қызметкерлері ұстаған. Жүргізуші Сергей Мезенцевтің айтуынша, көлікті тоқтатқан жол полициясының қызметкері көлік пен жүргізушінің құжаттарын тексеріп болғаннан кейін, олардың маңына тағы бірнеше полиция қызметкерлері келген. Бұлардың арасында подполковник шенді қызметкерлер де болды дейді С.Мезенцев. Жүргізуші Мезенцевтің үнтаспаға жазылған даусы өз аты-жөндерін атамауды өтінген павлодарлық журалистерден Интернет арқылы алынды.

С.Мезенцев, көлік жүргізушісі: - Мен олардың нұсқауы бойынша жүк салатын бөлікті ашқанымда, ондағы 7 бейнетаспаны, «Ассанди-Таймс» газетінің «Қаржы және несие» атты қосымшасының 8 данасын және жер мәселесі бойынша референдум өткізу қажеттігі туралы 1600 үнпарақты тәркіледі. Олардың қойған сұрағына мен бұл заттардың Алматыдан келе жатқан адамдардың заттары екенін айттым.

Қазір мәлім болып отырғанындай республикалық бастамашы топ өкілдері мінген көлікті тоқтатып, олардың заттарын тәркілеген полиция қызметкерлеріне Павлодар облыстық ішкі істер басқармасының қоғамдық қауіпсіздік басқарма бастығының орынбасары Александр Маржикбаев жетекшілік жасаған.
XS
SM
MD
LG