Accessibility links

Ирақта Саддам Хусейннің бас көмекшісі ұсталды

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Өткен аптада Америка әскері зымыранмен соққан аутокөліктерде опат болған кісілердің ішінде Саддам Хусейн немесе оның балалары болған-болмағанын анықтау үшін бүгінде мәйіттер жан-жақты медициналық зерттеуден өткізілуде.

Жуырда Ирақта Саддам Хусейннің бас көмекшісі тұтқындалды. Бұл жағдаят Саддам Хусейннің өзін табуға жол ашуы әбден мүмкін деп жазады вашингтондық тілшіміз Андрю Тули.Қолға түскен Саддамның бас көмекшісі Абид Хамид Махмуд Ал Тикрити Саддамның әрі оққағары, әрі қауіпсіздік кеңесші болған делінеді.Ол Ирақтағы Америка әскеріне Тикрит қаласындағы өз үйінде маусымның 17 күні берілген.

Бүгінде Америка әскері Саддам Хсуейн режимінің тұтқындалуға тиіс делініп тізімге кірген 55 тұлғасының жартысынан көбін ұстады.Ал, Махмуд Ал Тикрити болса сол тізімде Саддам Хусейнмен оның балаларынан кейінгі орында яғни 4-ші орында тұрған тұлға.Қолға түскеннен кейін Махмуд Ал Тикрити Саддам Хсуейнмен оның ұлдары Ұдай, Құсай тірі екенін айтқан.Өткен аптада, сондай-ақ, Америка әскері Ирақ пен Сирия шекарасында ішінде Саддам Хусейнмен балалары кетіп бара жатыр делінген аутокөлік керуенін бомбалады.Бүгінде Америка әскері талқандалған аутокөліктерде опат болғандардың ішінде Саддам Хусейнмен балалары болған-болмағанын анықтау үшін мәйіттерді жан-жақты зерттеуде.Саддам Хусейнді іздеу барысы туралы зейнеттегі генерал Кеннец Алард былай дейді:

"Екі проблема бар. Оның бірі Саддамның қайда екендігі туралы.Екінші проблема оның біз көріп отырған қарсылықтарды ұйымдастыратын орнын белгліеу. Ал, мына Махмуд болса осыларды ашуда осал тұлға емес.Бірақ , барлау деректері әртүрлі бұлақтардан жиналады.Біз қолға түсірген тұлғалардың көпшілігін зерттеп болдық деу қиын. Махмуд та сол шынжырдың бір буыны".

Талдаушы Алард Саддамды іздеу де жойқын қаруды іздеу тәрізді көп уақытты алады деп сенеді.Жойқын қару мен Саддамды жасыруға Таяу Шығыстың жарты миллион шаршы километрлік шөлі жетіп жатыр дейді.Осы пікірді кезінде барлау саласының талдаушысы болған Антони Кордсман да қолдайды:

"Саддам бөлек-бөлек ұялы жүйеде тұрып жатыр деп білемін.Біз оның қасында кімдер жүргенін оған адал тұлғалардыі кімдер екенін білмейміз.Егер, ол жасырынатын ұрымтал жүйе жасай алған болса, онда оның Америка барлау қызметінің мүмкіндігінен хабардар болғаны".

"Ондай басшыны оқшауламай, не жоймай қалдырудың құны қымбатқа түсуі мүмкін" дейді Кордсман.

Егер Саддам табылмаса бұ соғыста жеңіске жеттік деуге болмайды дейді талдаушы.Ауғанстандағы соғыс тәрізді Ирақ соғысы да созылып кетуі мүмкін дейді ол:

"Ал Каида мен Талибан басшыларының аман құтылып кетуі Ауғанстан соғысының созалаңдап кетуіне негізгі себеп.Ауғанстанда біз шын жеңіске қол жеткізе алмадық.Ондағы қауіп –қатер деңгейін қысқартқанымызбен негізгі қауіп-қатер сол күйінде қалып отыр".

Тіптен Саддам қолға түскеннің өзінде ол Гаага трибуналының мінбері арқылы өз саяси күресін жалғастыра бермек дейді талдаушы:

"Саддам сот үдерісін пайдалануы мүмкін.Біз болсақ Милошевичтың соғыс қылмыскері ретіндегі сот үдерісін қалай пайдаланып отырғанын көріп отырмыз".

Бұндай халықаралық спектактлді болдырмаудың жалғыз жолы егер, Саддам Хусейн қолға түсер болса, оны сол жерде өлтіре салу дейді талдаушы Алард:

"Ирақтықтардың дені Садам қайта оралады деп қорқады. Мен оның басын көрсетіп іліп қойған дұрыс дер едім. Сонда бір де- бір ирақтық Саддам қайта оралады деп қорықпас еді".

Ал, талдаушы Кордсман болса Құрама Штаттарға жау ел басын өлтіру керек деген идеяны қолдамайды.
XS
SM
MD
LG