Accessibility links

Қазақстандағы ату жазасы жайлы

  • Досан БАЙМОЛДА

Қазақстанда ату жазасын өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына алмастыру мәселесіне арналған конференция өтіп жатыр.

Алматыдағы Алатау санаторийнде кешеден бері өтіп жатқан Қазақстанда ату жазасын өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына алмастыру мәселесіне арналған халықаралық конференция маусымның 24 –і күні өз жұмысын жалғастырды.

Бүл конференцияны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Алматыдағы өкілдігі, Халықаралық түрме реформасы ұйымы және Қазақстандағы Голландия елшілігі бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Қазақстанда төтенше қауіпті қылмыскерлер үшін ату жазасын өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен алмастыру мәселесі конференцияда басты тақырып болып сөйлесілді.

Конференцияға арнайы Еуропа елдерінен шақырылған сарапшы мамандар Еуропадағы тәжірибелермен бөлісті. Бұрынғы кеңес құрамында болған елдер арасынан тек Ресей мен Украйна екеуі өлім жазасын қолданудан бас тартып оның орнына өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын енгізген.

Енді кезек Қазақстанға келіп тұр дейді мамандар. Ол үшін Қазақстанда жаңа жаза түрін қолдану тәртіптері мен құқықтық нормативтік базасы әзірленіп, қамайтын орын, түрме қызметкерлері, түрме тәртібі, қауіпсіздік мәселесі бәрі дайын болуы керек дейді Халықаралық түрме реформасы үйымының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Вера Ткаченко ханым.
XS
SM
MD
LG