Accessibility links

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәлімдемесінде Ираққа қаржылай көмек беру мен ұрлық қарлықтың кесірі мен билік жетімсіздігіне назар аударылады.

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

Ирақтағы инфрақұрлымды қалпына келтіруге тонаушылық қол байлау болып отыр,- дейді БҰҰ-ның адамгершілік жәрдемін көрсету мекемесінің басшылары.Олар жыл айағына шейін ирақтықтардың негізгі қажеттерін қамтамасыз ету үшін қосымша 260-миллион доллардың қаржысын сұрап, елде елеулі экономикалық өзгерістер жасау қажет деуде.БҰҰ-ның айасында өткен кездесуге қатысқан ирақтық технократтардың айтуынша, елдің шет елдің инвестицияаларды қабылдауға мүмкіндігі зор,олар жеке меншік саланы дамыту жолдарын қарастырып жатқанына тоқталды.

БҰҰ-ы жыл соңына шейін Ирақтағы адамгершілік жәрдемін беруді жоспарлағанымен де, елде тұрақтылық пен тоқшылық орнатуға ұрлық қарлық негізгі кедергі болып отырғаны туралы жауапты өкілдер мәлімдеді,-деп бастайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Роберт Мык Махон өзінің Нью Йорктен жолдаған хабарын.

Дүйсембі күні ресми өкілдер 260-миллион доллардың қаржысы жыл айағына шейін БҰҰ-ның адамгершілік жәрдемін көрсетуге қажет деді. Бұл бұдан алдын қабылданған мұнайды азық түлікке айырбастау бағдарламасы бойынша алынған 2-миллиард долларға қосымша.

Өткен жексембіде Ирақ шикі мұнайды соғыс басталғанан кейін тұңғыш рет шығара бастады,бірақ бұл Ирақтың тайау арадағы мұқтаждарын қанағатандыруға жеткіліксіз дейді мамандар.

Ирақтағы БҰҰ-ның адамгершілік үйлестірушісі Рамиро Лопез да Сильваның айтуынша. "Басқа салар сынды мұнай өндіру саласыда соғыс барысында, экономикалық шектеулер мен тонаушылықтардың кесірінен құлазып тұр.Біз барлығымыз жақсы күзетілетін мұнай өндірісі министірлігінің бейнесін тамашалаймыз, бірақ мұнай ол ғыймаратта емес, мұнай кеніштерінде өндіріледі, ал оларды ешкім де қорғаған жоқ."

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің 1483-інші қаулысында қалпына келтірулер мен ирақтықтарды уақытша әкімшіліке тарту қарастырылған.

Лопез да Сильваның айтуынша қалпына келтіру ісі Ирақтың азаматтық өмірлік маңызы бар мәселерді бағдарлауының болмауынан олқы тұстары бар. "Қазір сіз неменеге иесіз, ол 26-дан 27-миллиондай ирақтықтардың мұң мұқтажынан хабардар болып, олардың бізден күткен үміт мақсатырын анықтап, оларды біздің жобалар мен және әрекетер мен тоғыстырған абзал болар еді."

Сейсембі күні БҰҰ-ның айасында Американдық және британдық ресми өкілдер Ирақты қалпына келтіруді қалаушы елдер мен халықаралық қаржы ұйымдарының мүшелері бей ресми кездесу өткізді.Бұл жыйынға уақытша әкімшілік атынан қатысып отырған 12-ирақтық технократың бірі Сауда және әрекет министірі Фахридин Рашаның айтуынша.

"Ираққа қаржы салған қаншалықты қауіпті деп бізден көптеген елдер мен компанияалар,не көршілес мемілекетер Европаның әр қыйлы елдері мен Құрама Штатардың өкілдері сұрастырып жатыр."

Польшаның бұрынғы Қаржы министірі Белканы одақтастар қаржы салушы елдермен байланыс жасаушы бас үйлестіруші деп атады.Оның ақпарат құралдарына айтуынша Ирақта жекешелендіру жүретін болады.

"Біз прагматтық тұрғыдан қарамақпыз. Біз бұл компанияаларды дамытпақпыз,оларды дереу жекешелендіруге әлі тым ерте, бірақ аталмыш компанияларды түптің түбінде жекешелендіру күтіп тұр."

Сейсембілік экономикалық бетбұрысты қарастыратын бей ресми жыйынға Европа мен Азияаның донор елдерінің көптеген ресми өкілдері, сондайақ БҰҰ-ның және өзгеде халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Жексембі күні Иорданияада өткен Әлемдік экономикалық форумда Арап бірлестігі елдерінің төрағасы Әмір Мұса арап мемілекеттері Ирақты қалпына келтіруге әзір деді.Ол сондайақ АҚШты саясый билікті Ирақ халқының өз қолына шапшаң беруге шақырды,-деп айақтайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Роберт Мык Махон өзінің Нью Йорктен жолдаған хабарын.
XS
SM
MD
LG