Accessibility links

Ресей президенті В.Путиннің Ұлы Британияға тұңғыш мемлекеттік сапары басталды.


ЛОНДОН: Ресей империясының патшасы 2-нші Николайдың 1874-інші жылғы сапарынан кейін, бүгінгі Ресей президенті Владимир Путин сейсенбі күні мемлекеттік сапармен Ұлы Британияға табан тіреді. Сейсенбі күні орыс президентін ағылшын патшайымы 2-нші Елизавета қабылдап, Владимир Путин мен оның зайыбының құрметіне Букингем сарайында салтанатты қонақасын берді. Ресей президенті мен ағылшын премьер-министрі Тони Блэрдің бүгін, сәрсенбіде болатын келіссөздеріндегі басты тақырып: Ирақтағы және Таяу Шығыстағы ахуалдар, екі жақты экономикалық ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда – энергетика аласындағы қарым-қатынас болады деп күтілуде. Тони Блэрдің пікірінше, Ресейдегі мұнай шикізаты көздерін игеруге ағылшын компанияларының қатысуы – Ұлы Британияны Ресей экономикасына инвестиция бағыттаған елдердің алдына шығарады.
XS
SM
MD
LG