Accessibility links

Ұлы Британияға Ресей президенті В.Путиннің бұрынғы Ресей патшасы 2-нші Николайдың 1874-ыншы жылғы сапарынан кейінгі бірінші мемлекеттік сапары басталды.


ЛОНДОН: Өткен сейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен Ұлы Британияға келді. Орыс президенті мен оның зайыбын Хитроу әуе жайында ағылшын тағына мұрагер ханзада Чарльз қарсы алды. Осы күні кешкісін Елизавета патшайым Ресей президенті мен оның зайыбының құрметіне Букингем сарайында түскі қонақасын берді. Орыс президенті Владимир Путин мен ағылшын премьер-министрі Тони Блэрдің екі жақты келіссөздері бүгінге белгіленіп отыр. Келіссөздердің басты тақырыбы: екі жақты қарым-қатынастарды нығайту және Ресейдің көмірсутегі шикізатын Еуропаға сату мәселелері болады деп күтілуде. Ал Ресей мен Ұлы Британия арасындағы қарым-қатынас соңғы кезде Ирақ маңайындағы проблема салдарынан шиеленісіп кетті.
XS
SM
MD
LG