Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш Пәкістан экономикасын дамытуға 3 млрд доллар бөлдіруге уәде берді.


ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Джордж Буш Пәкістанға қаржылай қомақты көмек беруге уәде етуде. Пәкістан президенті Первез Мушаррафпен Вашингтон түбіндегі Кэмп-Дэвид кеңсесіндегі кездесуінен кейін ұйымдастырылған баспасөз-маслихатында Джордж Буш: Конгрестен Пәкістан экономикасын дамытуға 3 млрд. доллар қаржы бөлуді сұрайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, АҚШ президентінің хабарлауынша, Вашингтон мен Исламабад ауқымы аса кең Сауда және Инвестициялық келісімге қол қояды. Пәкістан – Америка Құрама Штаттарының халықаралық терроризмге қарсы күресіндегі аса маңызды одақтастарының бірі болып табылады.
XS
SM
MD
LG