Accessibility links

БҰҰ-ы АҚШ пен Ұлы Британияны Ирақты қалпына келтіруге басшы болатын өкілетті үкімет жасақтауға шақырады.


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ы Ирақта елді қайта қалпына келтіру жұмыстарына басшы болатын уақытша өкілетті үкімет құруға шақырады. БҰҰ-ының Ирақ бойынша үйлестірушісі Рамиро Лопес да Сильва БҰҰ-ының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде сейсенбі күні болып өткен халықаралық мәжілісте осындай үндеу көтерді. БҰҰ-ының Ирақтағы арнаулы өкілі Серджо Виейра ди Меллоның үзілді-кесілді мәлімдеуінше, Ирақты қалпына келтіру ісінде жергілікті халықтың өзі жетекші рөл ойнауға тиісті. Оның пікірінше, АҚШ пен Ұлы Британияның Ирақтағы уақытша әкімшілігінің басты мақсаты да – Ирақта биліктің жаңа институттарын құру болып табылады.
XS
SM
MD
LG