Accessibility links

Палестинадағы экстремистік “Хамас” тобы Израильді бейбітшілік орнатуға кедергі болып отыр деп айыптауда.


ТАЯУ ШЫҒЫС: Палестинадағы экстремистік “Хамас” тобының мәлімдеуінше, Израиль өкіметінің іс-қимылы бейбітшілікті орнатуға бағытталған әрекеттің барлығын жоққа шығаруда. Ол мәлімдеме Израиль әскерінің Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Хеврон және Наблус қалаларына өткен сейсенбі күні жасаған шабуылдарының артынша жария етілді. Оның барысында “Хамас” тобымен байланысы бар деген күдікпен 150 палестиндік тұтқындалды. Палестина аутономиясының премьер-министрі Махмуд Аббас “Хамас” тобын Израиль жағымен бейбіт келісімге келуге шақырумен болуда.
XS
SM
MD
LG