Accessibility links

Грекияның барлау қызметінің басшысы “Болтик скай” кемесінен табылған 680 тонна жарылғыш заттың “Әл-Қаида” немесе тағы басқа террористік ұйымға арналуы әбден ықтимал деп санайды.


АФИНА: Жуырда ғана Жерорта теңізінде тұтқындалған кемеден аңғарылған жарылғыш заттың “Әл-Қаида” немесе тағы басқа террористік ұйымға арналуын Грекияның барлау қызметінің басшысы жоққа шығармайды. Тунистен шығып, суданға қарай жүзіп келе жатқан “Болтик скай” атты кеменің ішінен 680 тонна жарылғыш зат пен жарылғышты іске қосатын 800 детонатор табылған болатын. Әлгі жүктің құжаттары Грекия өкіметіне күдікті болып көрініп, кеме командасын қамауға алды. Судан өкіметі ол жарылғышты елдегі бір компания ресми түрде Тунистен тапсырыс бойынша сатып алды деп мәлімдеп, кеме мен жарылғышты талап етуде. Алайда Грекияның сауда флоты министрлігінің мәлімдеуінше, тергеу барысында ондай фирманың жоқтығы анықталған, фирманың орнына – пошта жәшігі ғана бар көрінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG