Accessibility links

“Сотбис” аукционында аустриялық экспрессионист-суретші Эгон Шиленің бір шығармасы құлақ естімеген сомаға сатылды.


ЛОНДОН: Англия астанасындағы “Сотбис” аукционында аустриялық экспрессионист-суретші Эгон Шиленің бір шыңғармасы құлақ естімеген ақшаға стылды. Өз анасының туған қаласы “Крумаудың көрінісі” атты 1916-ыншы жылы салынған суретін аты-жөнін жасырған бір қалталы кісі бастапқы бағасынан екі есе жоғары – 12 млн. 660 мың фунт стерлигке сатып алды. Эгон Шиленің өзі 1918-інші жылы 28 жасында дүние салды. Соңғы 10 жылдықта ол жазып қалдырған суреттердің құны ылғи өсумен келеді. Үстіміздегі жылы “Сотбис” аукционында сатылған импрессионистік көркем шығармалардың жалпы сомасы 37 млн. фунт стерлингтен асып түсті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG