Accessibility links

АҚШ-тың Жоғарғы соты шағын ұлттардың құқықтарын қорғау мәселесін қарастыруда

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Вашингтондық тілшіміз хабарлағанындай, АҚШ соты "Университеттерге қабылдауда шағын ұлт балаларына тиісті жеңілдік берілсін" деп шешкен.

Американдық заңгерлердің айтуынша, бұл шешімнің барлық азаматтардың тең құқылық жағдайын қорғауда үлкен ролі бар.

АҚШ Жоғарғы сотының дүйсенбі күнгі шешімі бойынша , Мичиган университетінің Заң мектебі шәкірт қабылдарда нәсіліне, ұлтына қарай бірқатар жеңілдік беру мәселелерін қарастырған.

Пайдалы бағдарлама деп аталған ол шаралар сонау 1800-ші жылғы құлдық кезінен қалған нәсілшілдік, ұлттық алалау мәселелерін реттеуге арналған.

Жоғарғы сот төрағаларының бірі Антони Кеннеди: "Сіздердің бағдарламаңызға қарап түсінгенім, бұл жабық квота сықылды екен", дейді.

Ал екінші бір заңгер Рұт Бадер Гинзбұргтың университет бағдарламалары бойынша пікірі өзгешелеу. Ол: " Бұл университет бағдарламасында өзім студент болған кездегіден ешбір өзгеріс жоқтың қасы," дейді.

Ал, Вашингтондағы зерттеу орталығы, Като институтының зерттеушісі Роберт Леви АҚШ Жоғарғы соты жариялаған жаңа шешімді керемет игі жаңалық қатарына қосады.

Бірақ Левидің пікірінше, АҚШ-тағы шағын ұлттарға қарсы алалау бағытына бұл шешім аса үлкен әсер ете алмайды.

"Менің пікірімше, бұл заң бізге аса үлкен пайдалы бағадарлама бола алмас", дейді Роберт Леви.

Вашингтондағы Джорж Вашингтон университетінің профессоры Лео Рубиффоның айтуынша, соңғы екі шешім бірігіп барып, одан дұрыстау бір заң болып шыққан.

Бірақ, ол үшін маңызды нәрсе сот жасай алмаған жағдай болып тұр екен.

Вашингтондағы Джоржтаун университетінің профессоры Марк Ташнеттің айтуынша, дүйсенбі күңгі сот шешімі Америкадағы азаматтық құқық қозғалысының мақсаттарына жетуі үшін көп үлес қоса алмайды. .

Профессордың пікірінше, егер Мичиган университетінің Заң мектебіндегі оқуға қабылдау бағдарламасы негізгі заңға сай емес деп шешілсе, онда елдегі өзге де талай мемлекеттік және жекеменшік мектептердегі оқу бағдарламаларын түгелдей қайта қарау қажет болар еді.

" Дегенмен кешегі шешім кері шегінуге жол бермейді", дейді профессор Ташнет.

Ташнеттің айтуынша, соттың бұл шешімі университет деңгейінен де сыртқы салаларға, мысалы жергілікті, федералдық үкіметтік агенттіктерге, тіптен бизнес саласына әсер етуі мүмкін екен.

- Сонымен енді барлық жердегі оқу орындары өз бағдарламаларын АҚШ Жоғарғы сотының соңғы шешіміне орай сәйкестендіре алатын болар,- дейді профессор Марк Ташнет.
XS
SM
MD
LG