Accessibility links

Тәжікстандағы ақшаға амнистия жариялау - көлеңкелі экономикаға берілген соққы

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Тәжікстанда 22 маусым күні өткен референдум -Тәжікстан президенті Эмoмоли Рахмоновқа 2020-шы жылға дейін президент болып қалуға мүмкіндік берді.

Алайда Рахмоновтың үрейін ұшыратын бір проблема елдегі қара базарды ауыздықтау болып отыр.

Тәжікстан басшылығы жүздесіп отырған басты тауқымет қара базармен күрес болып отыр деп жазады Eurasia View интернет парақшасы.Тәжікстан банкі сәуірдің 1-нен маусымның 10-на дейін заңсыз ақшаға амнистия, яғни кешірім жариялаған болатын. Және банктерге түскен қаржыдан өкімет ешқандай салық алмаған. Осы мезгілде банктерге түскен қаржы төмендегідей болып шыққан: 187 миллион доллар, 61 мың еуро, 1 миллион рубль.

Осындай көрсеткіштен кейн банкирлер Тажік өкіметінен амнистия мерзімін соза түсуді сұраған.Осындай заңсыз ақшаға 2001 жылы амнистия жариялаған Қазақстанда да жұрт ақшасын банктерге көбірек өткізуі үшін Президент жарлығымен амнистия мерзімі 10 күнге ұзартылған болатын.

Тәжікстанда жұрт қолында осынша қаржы қалай шоғырланды десек, талдаушылар оның жауабы- елде есірткі қара базарының қызып тұрғандығынан дейді.

Ресми мәліметтер бойынша Тәжікстан арқылы өткен есірткіден Тәжікстанның қара базарында жыл сайын 300-400 миллиондай қаржы қалады екен.Ал, бұл Тәжікстан өкіметінің ылас ақшаға жариялаған кешірімі болса, есірткі кәсібімен айналысып жүргендерді ол жолдан бәрібір тайдыра алмайтын көрінеді.Жыл сайын Тәжікстандағы ресей және тәжік шекарашылары талай тонна есірткі тәркілейді.Оны ақша тіліне аударсақ, жыл сайын 60 миллион долларлық есірткі тәркіленеді деген сөз.Алайда, шекарашылар бұл есірткі Тәжікстанды кесіп өтіп, Қазақстан, Ресей арқылы Еуропа, Америкаға жол тартып жатқан есірткі керуенінің тек 10 пайызы ғана дейді.

Сонымен, Тәжікстанға өткен тонна-тонна есірткінің 90 пайызы Тәжікстан қара базарлары арқылы әлем базарларына жол тартады екен.Тәжікстаннан сыртта жүрген 800 мың заңсыз тәжік эмигранттарының бәрі дерлік Ресейден Тәжікстанға ақша аударады.Олар Ресейден Тәжікстанға жыл сайын 500 миллион доллардай қаржы аударады. Тәжікстанда шетелге кеткен тәжіктердің арқасында орасан зор қаржы жиналды дейді жергілікті талдаушы Турсун Кабиров.

Шетелге кеткен тәжік азаматтары мысалы, өткен жылы Тәжікстанға банк жүйесі арқылы 82 миллион доллар қаржы аударған.Тәжікстан президентінің әкімшілігіндегі есірткімен күрес бөлімінің қызметкері Хайдар Махмадиевтың пікірінше, осынау есірткіден түскен қаржыны заңдастыру науқаны ұйымдасқан қылмысты бұдан да әрмен күшейтпек. Ол Тәжікстан қауіпсіздігіне төнген қатер дейді аталмыш қызметкер.

Сонымен, егерде, Тәжікстан президент есірткі қара базарына қол тигізер болса, онда ол экономикалық майданда сұмдық қарсылыққа тап болады деп жазады мақала авторы тәжік журналисі Зафар Абдуллаев.
XS
SM
MD
LG