Accessibility links

“Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы” заң жобасы жұмысқа қабылданбады


Үкімет ұсынған бұл заң жобасын маусымның 25-і күні өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар жұмысқа қабылдамады.


Депутат Серік Әбдрахманов, 2001 жылы қабылданған Ақшаны заңдастыруға байланысты Қазақстан Республикасының азаматтарына рақымшылық ету туралы заң- ел экономикасына қосымша қаржы тарту жөніндегі Үкімет болжағандай нәтижені бермегендігін айтты:

-Ұрлықты ұрлық деп қарау керек. Ескерту жасауымыз керек. Ары қарай ұрласа да, абайлап ұрлайды. Баяғы легализация қалай өткендігін білесіздер. Қолдарымызды бұрап-бұрап өткізді. Мен өзім қарсы болғам.

Ал, депутат Хайрат Шалабаевтің айтуынша, “Нормативтік құқықтық актілер туралы” заңға сәйкес заң жобасы енгізілгенде онымен бірге ақпараттық–талдау материалдары да түсу керек. Бірақ ақпараттық-талдау материалдары ешқашан заң жобасымен бірге түспейді екен.

Біз талдамалық материалдардың болмауына байланысты заң жобасын қабылдаудан бас тартуға құқығымыз бар. Бұл жобаның енгізілуіне қарағанда алдын ала мәліметтер де бар,-деді депутат Хайрат Шалабаев. Депутат Ғани Қалиев, біз ақшаны заңдастыруды өкіздік. Енді мүлікті заңдастыруды жүргіземіз. Демек, біз гүлденген ұрлықты кешіреміз. Мұндай қадамға барардың алдында, алдымен жақтаушылар мен қарсыларды анықтап алайық,- деген пікірін қосты.

Ал, депутат Серікбай Әлібаевтің айтуынша, заң жобасы мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы деп аталғанмен, бұл арада тағы да бәлкім, елден шығарылған қаржы туралы сөз болып отыр. Сондай-ақ, депутат Серікбай Әлібаев, Азаматтық кодекс бойынша мүлік те ақша болып саналады деген ойда. Үкімет заң жобасының бастамашысы.Жоба бойынша жұмысшы тобы құрылмаған.
XS
SM
MD
LG