Accessibility links

Оңтүстік Қазақстан облысында инкассаторлар тоналды


Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында зейнетақыға тиесілі 17 миллион теңгеден аса ақшаны алып бара жатқан инкассаторлар тоналды

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданы, Шұбар елді мекені маңында Қарақшы топ зейнеткерлерге арналған 17 миллионнан астам теңгені алып бара жатқан инкассаторларды тонап, бес қапшық толы ақшаны алып кетті,- деп хабарлады сәрсенбі күні "Азаттық" радиосының Шымкенттегі тілшісі Ақлима Пернебай. Оқиға 25-ші маусымға қараған түні болған. Тонаушылар үш адам.
XS
SM
MD
LG