Accessibility links

Ресей мен Белорусия ортақ қаржылық одақ құру туралы келісті

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

Белоруссия мен Ресейдің ресми өкілдері өз қаржыларын 2005 жылдың басына таман біріктіруге келісті. Бұл Белоруссияның тәуелсіздігіне әсер ете ме?

Маусымның 10-ы күні Белоруссия мен Ресейдің қаржы министрлері 2005-ші жылдың 1-қаңтарында белорус ақшасын орыс рубліне толық ауыстыру жобасын жариялады.

Инвестиция жетімсіздігі және белорус үкіметінің экономиканы тиімсіз басқаруынан Белорусияда қаржылық инфляцияның деңгейі тым жоғары, бір АҚШ доллары 20-мың белорус ақшасына тең.Лукашенконы сынаушылар мен тәуелсіз бақылаушылардың айтуынша, егер қаржы, қаражат жүйесі бірігетін болса, онда не бәрі 10-миллион халқы бар,экономикасы шағын Белорусия алып Ресейдің уысында толығымен өз тәуелсіздігінен айрылып тынады.

Бірақ Минскіде орналасқан тәуелсіз экономикалық талдау орталығының президенті Ярослав Романчуктің пікірінше, бұл жоспар 2005-ші жылы іске асырылып үлгермейді, тіпті мүлде іске асырылмай қалуы да ғажап емес.

"Минск мәселенің саяси астарына былайша қарайды.Егер Лукашенко ортақ қаржыға келісімін берсе, онда Кремль оның үшінші мәрте елбасы болуына себепкер болуы тиіс. Бұл екі ел арасындағы айырбасты көптеген мамандар да болжап отыр,сондай-ақ менің білуімше, Мәскеудегі елбасы әкімшілігіндегі адамдар да мұны қалап, Лукашенконы үшінші мәрте елбасылыққа жетелейді. Сондықтан Лукашенко егер ортақ қаржыға көнсе, онда бұдан жеке басы үшін нені саудалауы мүмкін, ол жағы беймәлім."

Өз сөзін жалғастырып Романчук былайша ой бөліседі.

" Ресейде біршама дамыған демократияалық құрылым бар, бәсекелестікке төтеп беретін экономикасы бар.Оның мекемелерін Белоруссияда қайталау үлкен қателік болар еді,өйткені бұл жақтағы даму нашар,ол барлық реформалардан арта қалып қойды, тіпті Украинаның өзінен де."

" Бұл Ресейлік ақша, Ресейлік несиелер Белоруссияалық қарыздарды өтеуге жұмсалып, түптің түбінде, біз белоруссиялық компаниялардың Ресейге қарыздарды өтеу есебінен беріліп, не аздаған ақшаға сатылып кеткендігін көретін боламыз."

Экономикалық Барлау орталығының Белоруссияға жауапты бөлімінің қызметкері Дафни Тер Сакаряинның "Азаттыққа" айтуынша, ресейлік іскерлер ортақ қаржының болуын тағатсыздана күтіп отыр.

" Бұл Ресейлік іскерлерге пайда әкелген болар еді.Бірақ менің ойымша, олар бұл активтерді қалай болған күнде де алмақшы." Ол сондай-ақ егер ортақ қаржы болса, онда Мәскеу Белоруссия тәуелсіздігін құрдымға жібереді" дейді.Лукашенко одақтас мемлекет құру ісін тықпалаған кезде, Путин бірнеше мәрте оған немқұрайдылық танытып белорус диктаторының көңілін түсірді. Бұл туралы Тер Сакариян былай дейді:

" Белорусияда бұл ең маңызды мәселе.Ресеймен ортақ қаржы құруға зор мән берілсе, Ресейде бұл маңыздылығы жөнінен тізімнің төменгі жағында тұр, екі жақты көзқарас екі қилы.Иә, Белоруссияда сатып алынатын активтер бар,бірақ бұған қарағанда, мәселен Кәспийдің мәселесі маңыздырақ мәнге ие."

Мәскеудің Лукашенкоға немқұрайлы қарауының себебі,тек қана Ресейдің Белорус басшысымен қарым қатынасынан. Тер Сакариянның айтуынша, Ресейдің Белоруспен ортақ қаржыға ие болу, болмау -саяси одақ құру ниеті толығымен Мәскеудің құзырында.

" Лукашенко өз билігін Ресей есебінен ұзартпақ. Одақ туралы кез келген талқылау -Ресей бұған қаншалықты қызығушылық танытады дегенге барып тіреледі. Путин болса бұған жақсы жауап ұсыныс білдіріп," Егер Белоруссия Ресей республикасы болғысы келсе, бұл тамаша десе" деген Тер Сакариян, өз сөзін жалғастырып былай дейді:

" Алғашында біз, және өзге де талдаушылар қаржылық және етене серіктестіктің стратегияалық мақсаты ол -Лукашенко одақтық мемлекеттің бір тұлғасына айналып, ел басылықты тастайды деп ойлап едік. Бірақ қазір бұл күн тәртібінде емес және оның өз билігін сақтап әрі ол өз экономикасын толығымен екінші жақ есебінен қаржыландыру жоспары қаржы саяасатында жеңіліс табумен қалайша үйлесетіндігі белгісіз." Бұл мәселеге Романчуктың көзқарасы мынандай.

" Менің ойымша, Белоруссия үкіметі мен Лукашенко жеке дара уақытша пайда үшін барлығын бере салуға дайын емес.Ол нақты нәтижеден гөрі оны талқылауға көбірек құштар."

Ал бұл уақытта Лукашенко Советтік репресияалық билеу тәсілімен өзін Батысқа қарсы қойғаны аздай, оған қарағанда демократияалық қадамдарды іске асыратындығын жариялаған Путинен де, көшілгері қалып отыр. Мамырдың 17-і күні Белоруссияның Гомель өлкесінің соты Демократиялық бағыттағы Азаматтық Бастамашыл топтың белсенділерін жабу түралы үкім шығарды. Опозициялық " Белорусская Деловая Газета" өзінің шығарылуына 3 айға тыйым салған сот шешімін қайтадан қарамақ болғанымен, одан ештеңе шықпады.
XS
SM
MD
LG