Accessibility links

Өткен замандағы өнерді аңсайтын Бағдад сазгері


Бағдад соңғы кездері джаз сазымен емес, түйе керуендері, мұнайы және тақтан құлатылған диктатор басшысымен белгілі болып келді. Питер Бағдаттағы мейманханаларда джаз сазын ойнайды.

Бірақ оның тыңдаушысы аз болғандықтан, Питер бұл кәсібін тоқтатқысы келеді. Жұрт араб ән-сазын, батыстық поп музыканы көбірек ұнатады. Ал Питер джазды аңсайды.

Ұзын қара шаштарын желкесіне түйіп алған Питер Бағдадтағы әл-Хамра қонақүйінде отырып, тілшімізге сыр шерткен.

"1950-жылдары міне осы Ирақта мәдени шаралар көп өтетін. Қара костюм киген жұрт кештерге жиі баратын. Танго, фокстротты білмейтіндер кештерге бара алмайтын. Сондықтан олар үйірмелерге барып танго, вальс, фокстрот, ча-ча-ча билерін үйренетін. Ол кезде Ирақта Батыстың әсері үлкен еді ", дейді Самир Питер.

Бірақ Саддам Хұссейін билігі кезінде Бағдадтағы белгілі сазгерлердің барлығы дерлік Иордания, АҚШ, Еуропа, тіптен Австралияға дейін кетіп қалды. Питердің айтуынша, Саддам джазды араб халқына жат өнер деп үгіттеген. Питердің өзі Мажарстан мен Италияда музыкалық білім алған. Бағдадқа келіп дәулетті отбасылардың балаларына жеке дәрістер беріп күн көрген. Бірақ, Баас партиясы билікке келгелі жағдай өзгерген. Оған дейін Бағдаттағы дүкендерден Батыста шығатын газет, журналдар, кітаптар табуға болатын еді дейді ол.

"Кезінде Ираққа Дюк Еллиңтон және Люис Армстроң да келіп концерттер берген. Жалпы концерт көп болатын. Бағдадта керемет филармониялық оркестр де бар еді", дейді Питер.

Саддам билігі және Иранмен он жылдық соғыс көп нәрсені өзгертіп жіберді, Батыс музыкасы бұл жерге жат деген науқан жүрді-, дейді Питер.

"Бізге шеттен саз аспабын сатып әкелуге де рұхсат бермей қойды. Ал пианино әкелу мүмкін болмай қалды. Музыка нотасын да сырттан ала алмайтын жағдайға жеттік. Содан Шератон сықылды қонаүйлерде жұмыс істей бастадым. Көптеген шетелдік достарымның сұрағына "Музыкалық партитура, нота әкелсеңдер болғаны" дейтінмін.

Питер Бағдадқа келген шетелдіктермен дос болған .

"Кейбіреулер мен туралы "бұл американдық, шетелдіктерді жақсы көреді" деген қаңқу сөз де айта бастады. Ол қауіпті еді", дейді Питер.

Оған енді джаз ғана емес, Бетховен мен Моцартты да ойнауға тиым салған. Ол Араб саздарын ғана тартуға мәжбүр болған.

Саддамның ұлы Ұдайдың иелігіндегі коммерциялық радио тәулік бойы араб поп сазын ойнайтын еді деген ол.

Ол кезде Саддамға арнап ән айтқан, күй тарқан өнерпаздардың жолы болып, бір күнде жұлдыз болып шыға келетін. Бірақ соңғы кездері Саддам режимімен бірге ол орындаушылар да көрінбей кеткен.

Соғыс кезінде театр, концерт залдары қирады, тоналды.

"Енді Бағдадта қалудың өзі қиынға соғып тұр. Тыныштық жоқ. Алдағы екі, үш жылда тұрақтылық бола қоймас. Мәселе көп. Америкалық күштер Саддам мен оның балдарын да ұстай алмады ғой. Ол әле талай қинайтын болар", дейді Питер.

Питер Франция мәдениет орталығының көмегімен бір компакт диск шығарыпты. Оның сапасы жоғары болмағанымен, тыңдаушысын сонау 50-60-шы жылдарға жетелейді екен.
XS
SM
MD
LG