Accessibility links

Оңтүстік Кәрейдегі арнаулы тәуелсіз комиссия Сеулдің астыртын түрде Пхеньянға 100 млн. доллар пара бергенін толық растады.


СЕУЛ: Оңтүстік Кәрейде арнаулы тәуелсіз комиссия жергілікті үкіметтің астыртын түрде Кәрей Халық Демократиялық Республикасының басшылығына 100 млн. даллар қаржы бергенін толық растады. Ол ақша Пхеньянға Солтүстік Кәрей басшылығының 2000-ыншы жылғы “кәрей құралтайына” қатысуы үшін берілген көрінеді. Аталмыш комиссияның төрағасы Сон Ду Хванның мәлімдеуінше, әлгі ақша берілмегенде, жоғарғы деңгейдегі кәріс басшыларының бас қосуы сөзсіз болмайтын еді. Сол жылы Оңтүстік Кәрейдің президенті болған Ким Дэ Чжун екі кәрей мемлекетін қайта қосуға бағыттаған күш-жігері үшін бейбітшілік Нобель сыйлығын алды. Сон Ду Хван бұрынғы президентке айып тақпауға келісіп отыр. Оның есесіне – тергеу барысында жоғары мәртебелі 8 мемлекеттік шенеунекке лауазымдық қылмыстар жасады деген айыптар тағылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG