Accessibility links

Беларуссияда тәуелсіз журналистердің қудалануы, Еуропа Одағының есептеуінше, Минскіні Еуропамен жақындасу мүмкіндігінен айырады.


БРЮССЕЛЬ: Еуропа Одағы Беларуссия басшылығын тәуелсіз журналистерді қудалау - Минскіні Еуропамен жақындасу мүмкіндігінен айырады деп ескертуде. Еуропа Одағына биыл төрағалық етуші Геркия үкіметінің мәлімдемесінде атап көрсетілгендей, ЕуроОдақ басшылығы Беларуссияның сөз бостандығы саласындағы ахуалдың күрт нашарлауына үлкен алаңдаушылық білдіріп отыр. Өткен мамыр айында президент Александр Лукашенконың ар-намысына нұқсан келтіретін материалдарды шығарды деген желеумен беларусь өкіметі “Беларусская деловая газета” деп аталатын тағы бір тәуелсіз басылымды жапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG