Accessibility links

Ресейдің Федералдық Кеңесі баспасөз құралдарының сайлау науқаны кезіндегі іс-қимылын шектейтін заңды мақұлдады.


МӘСКЕУ: Сәрсенбі күні Ресейдің Федералдық Кеңесі “Азаматтардың сайлау құқықтарының негізгі кепілдіктері туралы” заңға баспасөз құралдарының сайлау науқаны кезіндегі жұмысын реттейтін қосымша баптарды мақұлдады. Бұдан былай егер әлгі баптар екі рет бұзылған жағдайда, аймақтық немесе орталық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, сот кез-келген ақпарат құралының жұмысын уақытша тоқтата алатын болады. Бақылаушылардың ортақ пікірінше, жаңа заң -баспасөз құралдарының сайлау кезіндегі бостандығына айтарлықтай шектеу қояды. Дегенмен де, ол заң - президенттің қолы қойылғаннан кейін 1-інші шілдеден бастап күшіне енеді деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG