Accessibility links

Батыс ақпарат құралдарының әлі расталмаған хабарларына сәйкес, “Хамас” және “Ислам джиһады” сынды палестиндік әсіре топтар Израильмен арадағы қақтығысты 3 ай мерзімге тоқтатуға келісіп отыр.


ТАЯУ ШЫҒЫС: Аталмыш аймақтан палестиндік “Хамас” және Ислам Джиһады” сынды әсіре топтар Израильмен арадағы қақтығысты тоқтатуға келісті деген хабарлар келіп жетуде. Ондай хабарлар – түрлі ақпарат көздеріне сүйенген Батыс баспасөзі құралдарынан келіп түсуде. Си-Эн-Эн телекомпаниясының ақпары бойынша, тараптар қақтығысты 3 ай мерзімге тоқтату туралы келіскен көрінеді. Бірақ ондай ақпарларды бұлтартпай растайтын деректер жоқ. Сәрсенбі күні Израиль мен Палестина аутономиясының барлау қызметтері израильдік әскерді Һаза аймағы мен Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Вифлеем қаласынан жартылай шығару мәселесін өзара тағы да талдауға тиіс болатын.
XS
SM
MD
LG