Accessibility links

Ауғанстан жетекшісі Хамид Қарзайдың пікірінше, Талибан қозғалысының көсемі молда М.Омар, өзінің бас сауғалап жүруі себепті, пәлендей қарсылық ұйымдастыра алмайды.


КАБУЛ: Шетелдік басқыншылыққа қарсы күресті басқару мақсатында тірі қалған талибандардан әскери кеңес құрылды деген хабарға Ауғанстан басшысы Хамид Қарзай алаңдамайды. Пәкістандық “Ньюс” газетінің хабарына сәйкес, әскери кеңес құрылды деп таяуда Талибан қозғалысының көсемі молда Мохаммад Омар мәлімдеген көрінеді. Соған байланысты Ауғанстан жетекшісі Хамид Қарзай: Мохаммад Омар, өзінің бас сауғалап жүруіне байланысты, пәлендей қарсылық ұйымдастыра алмайды деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG