Accessibility links

Ресми Вашингтон “Хамас” және “Ислам джиһады” топтарының Израиль жағымен уәжге келуге келіскені жөнінен бейхабар.


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың қолында экстремистік “Хамас” және “Ислам джиһады” топтарының Израиль жағымен уәжге келуге келіскенін растайтын мәліметтер жоқ. Ондай хабар – негізінен түрлі ақпарат көздеріне сүйенген Батыстың баспасөз құралдарынан түсіп жатыр. Си-Эн-Эн телекомпаниясының ақпарына сәйкес, қақтығысты тараптар 3 ай мерзімге тоқтатуға келіскен сияқты. Бірақ ол жайында ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Палестина аутономиясының жетекшісі Ясир Арафаттың бір үзеңгілесінің сөзіне қарағанда, уәжге келу туралы мәлімдеме бірнеше сағаттан кейін жария етілетін тәрізді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG