Accessibility links

Мәскеудің Басман соты милиция қызметкерлерінен құрылған қылмыстық топ мүшелерін тұтқындауға рұқсат берді.


МӘСКЕУ: Ресей астанасындағы Басман соты “погон таққан әзәзілдер” деп аталатын іс бойынша айыпталғандардың бірі – Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің қауіпсіздік басқармасының бастығы Владимир Ганеевті тұтқындауға рұқсат берді. Сондай-ақ, Мәскеудің қылмыстық тергеу басқармасының 23-інші маусым күні арнайы операция барысында ұсталған 6 қызметкерін тұтқынға алуға ордер берілді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Владимир Ганеев пен милиция қызметкерлерінен құрылған қылмыстық топ жазықсыз адамдарға қару-жарақ пен есірткі зат ұстады деген жалған айып тағып, қылмыстық істер қозғап, одан кейін олардан пара талап етіп келген.

AzattyqTV

24 наурыз

AzatNews

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG