Accessibility links

Эколог мамандарды даярлайтын ұстазбен сұхбат

  • Гүлмира ХАМЗА

Бағлан Махамедова Қазақстан табиғатының тазалығын, қазақстандықтардың денсаулығы жақсы болғанын армандайды. Осы мақсатта Бағлан Махамедова Қазақ Ұлттық аграрлық университетте эколог мамандарды дайярлаумен шұғылданады.

Ең бастысы дейді Бағлан Махамедова қоршаған орта мәсесені жөнінде сөз қозғағанда, ең алдымен адамдардың денсаулығын айту керек.

Қазақ Ұлттық аграрлық университетті «Агро-экология» кафедрасының аға-оқушытысы Бағлан Махамедова: - Ата-бабамыз адам денсаулығына бұрыннан мән берген. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде деген.» Мен айтар едім, қазіргі халық денсаулығының 49-53 пайызы өмір жағдайына байланысты.Әр бір адамның өз денсаулығына қарым-қатынасы 17-20 пайызды құраса, сыртқы ортаға байланысты, оның үстіне жылдан-жылға экологиялық, климаттық жағдайлардың әсері ауқымды түрде артуда.

Бағлан Махамедова қазақстандықтардың қоршаған ортаға деген көз-қарасына алаңдаушылық білдіреді. Сол себептен маманның пікірінше, экологияны аялау керектігі жөнінде насихат жүргізетін мамандар көп болса, табиғат ананы аялауға мүмкіндік туады.

Қазақ Ұлттық аграрлық университетті «Агро-экология» кафедрасының аға-оқушытысы Бағлан Махамедова: -Эколог мамандарды даярлауда оқулықтардың аз болатыны, біздің өзекті мәселелеріміздің бірі. Оқулықтардың жоқтығынан, аздығынан, біз қажетті мәліметтерді Ресейден алынған кітаптар арқылы табамыз. Отандық мамандардың да кітәптары аз шығып жатқан жоқ, бірақ біз бәрі-бір Ресей ғалымдарының материалдарына сүйенеміз.Мен ойлаймын мұның себебі әлеіметтік жағдайға байланысты. Кез-келген ғалым адам бір кітәпті шығару үшін оған қаржы керек, бірақ бұл мәселе Білім министрлігінде жақсы қарастырылмаған.

Кейбір мамандардың пайымдауынша, экологияның нашарлауына, мемлекеттегі сыбайласқан жемқорлық айтарлықтай әсер етеді. Бағлан Махамедованың пікірінше, республикалағы жемқорлық шырмауығын жою үшін, адамдарға денсаулық тілеу керек.

Қазақ Ұлттық аграрлық университетті «Агро-экология» кафедрасының аға-оқушытысы Бағлан Махамедова: -Осы елдегі сыбайласқан жемқорлықты жою үшін ең бірінші –адамға зор денсаулық, ұлы сана керек. Санасы бар адамдар, ары бар адамдар, қазақ ұлтына тән қасиеті бар адамдар жемқорлыққа жол бермеуі керек. Экология әр-бір жеке адаммен тікелей байланысты.

Бағлан Махамедованың ойынша, қазақстандықтар қоршаған ортаны аялауда ата-бабадан келе жатқан халық нақылына, кеңесіне құлақ асуы керек.

Қазақ Ұлттық аграрлық университетті «Агро-экология» кафедрасының аға-оқушытысы Бағлан Махамедова: -Экологияға байланысты айтар едім, көреген ата-бабаларымыз түгін тартсаң майы шығатын, көк майсалы бел, арналыснан ағып жатқан өзен су, сылдырап аққан бұлақ, бұл-бұлы сайрап, көкегі шырқаған, ұлан қайыр табиғат үйін бізге сыйлаған. Ал біз келешек ұрпаққа не сылар едік деген сұрақ мені мазалайды.

Эколог маман Бағлан Махамедова қолынан келгенше, халық дәстүрін сақтайтындығын және сол бағытта жасап жатқан жұмысын одар әрі жалғастыруды жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG