Accessibility links

Тәуелсіз басылымдардың түбіне жеткендерге арналады

  • Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ

Мақала авторының айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстан мемлекетінде саналы ойдың түбіне жету үшін билік тарапынан, сан-алуан әрекеттер жасалып жатқан көрінеді.

“Сөз” тәуелсіз апталығының кезекті санында, белгілі журналист Гүлжан Ерғалиеваның “Тәуелсіз басылымдардың түбіне жеткендерге арналады” деп аталатын, мақаласы жарық көрді. Мақала авторының айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстан мемлекетінде саналы ойдың түбіне жету үшін, билік тарапынан, сан-алуан әрекеттер жасалып жатқан көрінеді. Гүлжан Ерғалиева, Қазақстан мемлекетінде еркін ойдың тұншығып жатқанын, өркениетті елдердің бәрі де жақсы біледі деп есептейді.

“Он шақты тәуелсіз газет пен телеарналар жабылғаннан кейін, Қазақстан мемлекеті рухани жалғыздық пен дәрменсіздіктің күйін кешкендей. Әсіресе, заңның атымен жұрттың көзінше сөз бостандығының көзін құртып жатқан кезде, шарасыздықтан, тек іштей қынжыласың. Таяу арада билік “Солдат” газетінің түбіне жетті, ендігі кезекті “Ассанди таимс” пен “Сөз” газеттері тұр” – дейді, мақала авторы.

Гүлжан Ерғаливаның сөздеріне сенетін болсақ, бүгінгі таңда билік, шындықты аңсаған миллиондаған қазақстандықтардың құқын шектеп жатыр. Бұл туралы мақалада былай деп жазылған: “Қазақстандағы әбден масқара күйге ұшыраған әлсіз билік, әкімшілік, қаржылық, саяси күшін іске қосу арқылы, өзінің өмірін сақтап қалу үшін жанталасып жатыр. Діттеген мақсатына жету үшін билік, өзінің қарсыластарын да, қоғамдық ойды да қара үңгірге қамап қойды. Соңғы жылдың ішінде ғана, еркін ойды аңсаған талай басылымдар жабылды” деген мақала авторы, аталмыш басылымдарды жабуға президент пен оның отбасы, құқық қорғау орындары, соттар мен депуттардың да өз үлесін қосып жатқандығын тілге тиек етеді.

“Тәуелсіз басылымдарға қарсы соғысты үлкен мінберлерден ылғи да, президенттің өзі жариялап отырады. Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған Кеңестің ашылу салтанатында президент “Біздің елімізді масқаралап жатқан газеттердің қылығына біз енді шыдай алмаймыз” дегенді ашықтан-ашық айтты. Кейіннен Еуразиялық медиа-форумда сөз сөйлеген президенттің көмекшісі “Оппозициялық басылымдардың жұмыс істеу мүмкіндігі, ендігі уақытта шектеледі” дегенді айтып салды. Осы медиа-форумда президенттің қызы заңды сыйлайық деген ұсыныс жасады” – дейді, Гүлжан Ерғалиева.

Гүлжан Ерғалиеваның айтуынша, осындай рухтағы мәлімдемелерден соң, Қазақстан мемлекетінде тәуелсіз газеттердің үнін өшіру үшін жаңа науқан басталған. “Мысалы “Солдат” газетін жаптырту депутат Ерасыл Әбілқасымоқа тапсырылды. Оппозициялық ұйымдарға қарсы тапсырысты орындаған Ерасыл Әбілқасымов, “Солдат” газетін жаптырту үшін үш жыл бұрынғы оқиғаны есіне алды. Ал “Сөз” газетін жаптырту үшін Данияр Әшімбаев, он миллион теңге айып –пұл салдыртып отыр. Данияр Әшімбаев “Сөз” газеті оның авторлық құқын бұзды деп есептейді” деген мақала авторы, Данияр Әшімбаевтың бұрын-соңды дәл осындай мол ақша талап етпегендігіне де тоқталып өтеді.

Гүлжан Ерғалива өз мақаласында президенттің күйеу баласы Рахат Әлиевтің де , оппозициялық газеттерге қарсы науқанға білек сыбана кірісіп кеткендіген тілге тиек етеді.

“ Рахат Әлиев та “Ассанди таимс” газетінен он миллион теңге талап етіп отыр. Газеттің адвокаттары мен қорғаушылары, аталмыш басылым тек, бұрын-соңды айтылған депутатардың, көптеген журналистердің пікірін ғана қайталады дегенмен, басым күш айып тағушы жақта. Біздің ойымызша “Ассанди таимс” Рахат Әлиевтің қысым көрсетуінің кесірінен жабылып қалатын Қазақстандағы алғашқы және соңғы газет болмайды. Рахат Әлиевтің заңсыз әрекеттері туралы жазған тәуелсіз газеттердің бәрі де, кезінде генералдың қаһарынан құтыла алған жоқ. “Время По” газетін жаптыртқан кезде, президенттің күйеу баласы Рахат Әлиев, келешекте де өзінің ар-намысына тиген басылымдарды жаптырқызатынын ашық мәлімдеген еді”- делінген, “Сөз” тәуелсіз апталығының кезекті санында жарық көрген белгілі журналист Гүлжан Ерғалиеваның мақаласында. Мақала соңында Гүлжан Ерғалиева тәуелсіз журналист Сергей Дувановтың, президент Назарбаевтың коорупциялық әрекеттерін жазғаны үшін сотталғандығына тоқталып өтеді.
XS
SM
MD
LG