Accessibility links

Қазақстан журналисттері Камал Смайловпен қоштасуда

  • Гүлмира ХАМЗА

26 маусым күні Қазақстан журналистер одағы жазушы-журналист, публицист, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер Камал Сейтжанұлы Смайловтың дүниеден өткендігін хабарлады.

Журналист 25 маусым күні кешке, ауруханада емделіп жатқан досына барғанда, жүрек талмасынан көз жұмған.

Сейдахмет Құттықадам, журналист:

- Камал Смайловты бұрыннан білемін, беделді журналист болған. Біздің көптеген БАҚ-да қызмет атқарған адам, телерадиокомпанияны басқарған кезде, сол жерде жұмыс жасаған азаматтар Камал Смайловты мақтайтын, өте керемет жетекші деп. Өте өкінішті, ол кісі тікелей саясатқа араласқан жоқ. Үкіметке болсын, оппозицияға болсын, пікірін қатты айтқан Бірақ негізі өзі зиялы азамат еді. Біз халық болып бұл кісіні соңғы сапарына шығарып салуымыз керек.

Камал Сейтжанұлы Смаилов 1932 жылы 24-ші сәуір күні Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданы Сарлық ауылында дүниеге келген. 1949 жылы орта мектепті аяқтағаннан кейін, Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түсіп оқыған.

Камал Смайловтың тек журналистикада ғана емес, сонымен қатар кино саласындағы да еңбегі өте зор дейді мамандар. Камал Смайлов болашақ ұрпаққа публицистикалық және танымдық 15 кітабын, көптеген шығармаларын қалдырып кетті. 28-ші маусым күні күллі Қазақстан журналистері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуі тиіс, үстіміздегі жылы дәл осы күні Қазақстан журналистері өздерінің ұстазы, аяулы азамат, жазушы, қоғам қайраткері Камал Смайловпен қоштасады.
XS
SM
MD
LG