Accessibility links

Ресей президенті В.Путиннің Ұлы Британияға тұңғыш мемлекеттік сапары барысында, екі жақты бірнеше келісімге қол қойылды.


ЛОНДОН: Британия астанасында Ресей президенті Владимир Путин мен ағылшын премьер-министрі Тони Блэрдің келіссөздері болып өтті. Екі ел жетекшісінің көзінше ресейлік “ТНК” және британдық “Бритиш Петролеум” мұнай компанияларының бірігуі туралы келісімге қол қойылды. Ұлы Британия мен Ресейдің энергетика министрлері Стивен Тимз бен Игорь Юсуфов “Солтүстік Еуропа” газ құбырын дамыту туралы меморандумды бекітті. Ол жобаға сәйкес, газ құбыры Выборг қаласынан шығып, Балтық теңізінің түбімен және Германия мен Һолландия жерлері арқылы өтіп, Ұлы Британияның жағалауына шығуға тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG