Accessibility links

Ирақта аңғарылған жылжымалы лабораторияларды Ақ үй биологиялық қару жасау үшін пайдаланды деп есептейді.


ВАШИНГТОН: Ақ үй - Ирақта аңғарылған жылжымалы лабораториялар биологиялық қару жасауға арналған деген Орталық барлау басқармасының көзқарасын құптайды. Ақ үйдің бұл мәлімдемесі “Нью-Йорк Таймс” газетінде шыққан бір мақалаға жауап есебінде жасалды. Аталмыш басылым, ресми өкілдерді нұсқай отырып, АҚШ-тың мемлекеттік департаменті, оның құпия меморандумында атап көрсетілгендей, аңғарылған лабораториялардың маңыздылығы туралы соңғы қорытынды жасауға әлі ерте деп санайды деп хабарлады. Ақ үйдің өкілі Ари Флайшер: аталмыш мәселелер бойынша ең тәжірибелі сарапшылар – Орталық барлау басқармасы мен оның құрылымдарында отыр деп атап көрсетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG