Accessibility links

Футболдан Камерун құрамасының жартылай қорғаушысы тікелей кездесу кезінде жасыл алаң үстінде жүрегі тоқтап қаза болды.


ЛИОН. ФРАНЦИЯ: Футболдан Камерун құрамасының жартылай қорғаушысы Марк-Вивьен Фоэ өткен бейсенбі күні ойын кезінде шаршы алаңда қаза болды. Бұл трагедия Конфедерация кубогі үшін халықаралық турнирдің жартылай финалында Камерун мен Колумбия құрамаларының кездесуі кезінде болды. Әзірше белгісіз себептермен марқұмның жүрегі тоқтап қалды. Дәрігерлер оған көмек бере алмады. Ал ол ойнаған Камерун құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Халықаралық футбол федерациясының президенті Йозеф Блаттер, қайғылы эжайтқа қарамастан, Камерун командасы алдағы жексенбі күні болатын финалдық кездесуге қатысады деген үміт сезімін білдірді.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG