Accessibility links

БҰҰ-ы сарапшыларының арнаулы кеңесі террористік “Әл-Қаида” ұйымы - әлі де болса халықаралық қауіпсіздікке айтарлықтай қауіп-қатер төндіріп отыр деп ескертеді.


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ы сарапшыларының арнаулы кеңесі террористік “Әл-Қаида” ұйымы - халықаралық қауіпсіздікке әлі де болса айтарлықтай қатер төндіріп тұр деп ескертті. Әлгі кеңестің бейсенбі күні жария етілген баяндамасында атап көрсетілгендей, “Әл-Қаида”-дан төнген қатерге таяудағы Сауд Арабиясында, Чешенстанда, Мароккода және Ауғанстанда болған террористік қастандықтар айқын дәлел болады. “Әл-Қаида” ұйымына, ол Ауғанстаннан ығыстырып шығарылғаннан бері, мұсылман экстремистерінің үшінші ұрпағы тартыла бастаған. Ол ұйым - есірткі саудасынан, “қайырымыдылық шараларын” жамылған түрлі қорлардан және жекелеген қалталы адамдардан қыруар қаржы алып отыр.
XS
SM
MD
LG