Accessibility links

АҚШ-та спорттық аяқ-киім шығаратын “Найк” компаниясын азиялық жұмысшылардың еңбегін қанады деген айыппен жауапқа тарту мүмкіндігі туып отыр.


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың Жоғарғы соты “Найк” компаниясына қарсы азиялық жұмысшылардың еңбегін қанады деген іс қозғауға мүмкіндік беретін қаулы шығарды. Сонау 1990-ыншы жылдары спорттық аяқ–киім шығаратын аталмыш компания Азия елдерінде орналасқан еншілес кәсіпорындарындағы адам айтқысыз ауыр еңбек жағдайы үшін ащы сынға тап болған еді. “Найк” компаниясы ол айыптарды түбегейлі жоққа шығарып, оған жауап ретінде ауқымды жарнамалық науқан ұйымдастырды. АҚШ-тағы Колифорния штатының бір тұрғыны жалған жарнамасы үшін оны сотқа берді. АҚШ-тың Жоғарғы соты әлгі компанияның жарнама жасау – сөз бостандығы жөніндегі АҚШ Конституциясынан туындайды деген уәжін қабылдамады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG