Accessibility links

Америкалық астрономның пікірінше, Марс планетасының солтүстік полюсы, оңтүстік полюске қарағанда, әлдеқайда қалың мұз қабығымен жабылған.


ВАШИНГТОН: Марс планетасындағы солтүстік полюс, оңтүстік полюске қарағанда, әлдеқайда қалың мұз қатпарымен жабылған. Ол жайында “Рейтер” агеттігіне берген сұхбатында осы жаңалықты ашқан американ-ресей тобында жұмыс атқарған америкалық астроном Билл Бойнтон хабарлады. Оның айтуына қарағанда, мұз қатпары жоғарғы қатпардың дәл астында жатыр, яғни микротіршіліктің ізін табу үмітін арттыра түседі. Ғалымдар, сондай-ақ, ауамен қосылып суды құрайтын сутегіні аңғарған да тәрізді. Алайда, деп атап көрсетеді Бойнтон, сутегі қорының молдығы соншалықты, Марс планетасының солүстігіндегі мұз қалпағы – қатқан судың өзі болуы да ықтимал.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG