Accessibility links

Сауд Арабиясында Әр-Риадтағы террористік қастандықтарға жетекші болды деген күдікпен экстремистік топтың мүшесі тұтқындалды.


ӘР-РИАД: Сауд Арабиясында, жергілікті биліктің есептеуінше, ел астанасындағы 12-інші мамырда болған террористік қастандықтарға жетекші болған экстремистік топтың мүшесі тұтқындалды. Әли Әбди әр-Рахман әл-Фағаси әл-Һамдидің тұтқындалғаны туралы ақпарат көзі есебінде ішкі істер министрлігін нұсқап көрсеткен мемлекеттік радио хабарлады. Саудия мен АҚШ әл-Һамдиді “Әл-Қаида”-мен және Әр-Риадта қару-жарақ қоймасы табылысымен, іздеу салынған 19 адамнан тұратын топппен ауыз жаласқан деп санайды.
XS
SM
MD
LG