Accessibility links

“Ауыл алхимиясынан” Лондон қор биржасына дейін

  • Алма СЕРİКҚАЛИ

Мақалада автор Қазақстанда алтын өндірісінде кездесіп отырған қиындықтар мен республикадағы алтынның көпшілігі жабайы, заңға қайшы тәсілдермен өндіріліп отырғандығы жайында жазады.

“Алтын орда” басылымының соңғы санында “Ауыл алхимиясынан” Лондон қор биржасына дейін...” деген Өмірзақ Мұқайдың мақаласы жарық көрді. Онда Қазақстандағы алтын өндірісі саласына тоқталған автор, қазіргі таңда республикадағы алтынның көпшілігі жабайы, заңға қайшы тәсілдермен өндіріліп отырғандығы жайында жазады.

Өмірзақ Мұқайдың айтуынша, Қазақстан алтын өндірісі бойынша алтыншы орынды иеленіп келеді. “Мұны республикадағы жалпы табиғи байлықтың қорымен есептегенде бәлендей мақатанарлық нәтиже емес” - дейді автор. Себебі, әлем елдері арасында қазба байлықтары жөнінен қазақ жерін алдынғы орныдардан ғана көру үрдісі қалыптасқан екен. Атап айтқанда , аса бағалы техникалық алмаздың ең көп шоғырланған жері- Қазақстан болса, мұнай қорын былай қойғанда, әлемдік уран сапасы бойынша да Қазақстан алғашқы алтылыққа еніп отыр.

Дегенмен де кез-келген елдің күш-қуатын, экономикалық, саяси қауқарын, болашағын нақтылайтын “мемлекеттік алтын валюта қоры” деген ұғым бар. Бұл төңіректе Ұлттық банк Қазақстанның алтын валюта қорының екі миллиардтық межеден асқанын мәлімдепті. “ Бұл жас мемлекет үшін жаман нәтиже емес” дейді мақала авторы.

Сондай-ақ, соңғы он бес жылда әлемдік рынокта алтынның нарқы күрт түсіп, құнсызданып кеткендігіне тоқталған Өмірзақ Мұқай 2002 жылы алтынның бағасы қайта өскендігін алға тартады. Бұл төңіректе мамандар мұның Қазақстан экономикасына әкелетін пайдасы шаш етектен дегенді айтуда. “Ал, осындай сәтті тұста Қазақстанда бағалы металл өндіру ісі дұрыс қолға алынбай келеді” - дейді автор.

Ғалымдар Қазақстанның Солтүстік Арқадағы алтын кенішіндегі бағалы металл қорын 400 тонна деп бағалауда. Бұл - әлемдегі алтыны ең көп кеніштерінің бірі. Ал сол, мол алтын әлі күнге ескірген химиялық сілтендіру жолымен алынып келеді. Мақала авторының айтуынша, нарықтың алғашқы жылдарында алтын өндірісі де үлкен дағдарысты бастан кешірген. 1990 жылы басталған жаңа комбинат құрлысы әлі күнге тоқтап тұр.

Жамбыл облысындағы Ақбақай кенішіндегі ахуал да осыған ұқсас. Тек қана Үлбі кен-металлургия зауытында ғана алтын өндірісінің жаңа технологиясы іске қосылып жатыр. Ал бұл әлемдік рыноктағы алтын бағасының өсіп отырған шағында аздық етеді дейді Өмірзақ Мұқай. Сондай-ақ, автордың сөзіне сенер болсақ, соңғы жылдары Қазақстанда алтын өндірісін жабайы, анархиялы, заңға қайшы, жасырын түрде өндіру өріс алған.

Халық арасында “Старатель” деп аталатын жабайы алтын өндірушілер алтынды өз мүдделеріне пайдалануда. Бұл тұрғы да Мемлекет қазынасын саф алтынға толтырамын деген “Алтын касса” атты жоба әлі күнге іске аспай келеді. 1998 жылы геология комитетіне ұсынылған жоба, үш экология министрі ауысқанмен жабулы қазақ күйінде қалуда. Ал, жабайы алтын өндірісі болса, ұлғайып келеді дейді автор.

Сондай-ақ, тілшінің айтуынша Арқадағы тоқтап қалған Бестөбе кенішінің алтынды топырағын медевистикалық алхимиктердің бүгінгі ұрпағы табыс көзіне айналдырып алған. Жұмыссыз қалғандар жабылған ескі шахталарға түсіп, жасырын жолмен алтын алады екен. Старательдердің ескі шахталарға түсуі қауіп те төндірмей отырған жоқ. Кейде шахталар омырылып, астында қалып жатқандар да баршылық. Бірақ, алтынның буы бұған да дес берер емес дейді автор. Себебі, жер астына бір мәрте түскенде бір килоға дейін алтын алып шығатындар бар көрінеді.

Қазақстандағы алтын өндірісі дамыған аймақтар есебіне Шығыс Қазақстан ,Балхаш , Қарағанды облыстары жатады. Олардан алынған алтын делдалдарға әр грамы үш алты доллардан сатылады екен. Ал алтынның Қазақстандағы банк белгілеген құны, он-он бір доллар. Демек астыртын алтын өндірісінен мемелекет ұтылып отырғанымен, одан шаш етектен пайда тауып отырғандарда бар” - дейді Өмірзақ Мұқай “Алтын орда” басылымының соңғы. санында жарық көрген мақаласында.
XS
SM
MD
LG