Accessibility links

2003-2004 оқу жылдарына мемлекеттік тапсырыс бойынша 16 310 грант белгіленді


Маусымның 27-і күні Қазақстан Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның Қазақстандағы білім беру және еңбек қатынастары саласындағы жағдайды талқылауға арналған отырысы өтті.

Отырыста Білім және Ғылым министрі Жақсылық Күлекеевтің білім саласының жай-күйі туралы ақпараты тыңдалды.

Министрдің айтуынша, 2003 және 2004 оқу жылдарына мемлекеттік тапсырыс бойынша 16 310 грант белгіленген. Оның 2 мыңы 275 –і сырттай және 10 мыңы 155 несиеге оқушылар үшін. Ауыл балаларының орта және жоғары кәсіпктік оқу орындарына түсуіне мемлекеттік білім беру тапсырысынан 30 пайыз квота көзделген. Ал, екі пайыз квота Қазақстан азаматы боып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдеріне арналған.

Жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың бюджет қаржысына оқытылуының тәртібі қазақстан үкіметінің 2002 жылғы қаулысымен реттеледі. Мемлекеттік тапсырыспен жоғары оқу орындарында 200 жетім баланы қабылдауға квота бөлінген.

Жақсылық Күлекеев, оралмандарға да айырықша көңіл бөлініп отырғандығын айтты.
XS
SM
MD
LG