Accessibility links

Қазақстан Ішкі істер министрлігі өзінің баспасөз клубын ашты

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі өзінің баспсөз клубын ашты. Бұл-басқа министрліктердің ішінде алғашқы болып ашылып отыр.


Маусымның 27-і күні Ішкі істер министрінің орынбасары Иван Оттоның қатысуымен баспасөз клубының тұсаукесер рәсімі өтті.

Иван Отто, мұндай жағдай, журналистердің дұрыс ақпарат алуларына көмек көрсету үшін жасалып отырғандығын айтты. Оның айтуынша, баспасөз клубының болашағы үлкен.

Сондай-ақ ол журналистердің ішкі істер органдары, басқа да құқық қорғау органдарының қызметі туралы проблемалық материалдарға аз көңіл бөлетіндігін айтты.

Иван Отто, журналистерді ішкі істер министрінің орынбасары болып жаңадан тағайындалған Берік Өмірзақовпен таныстырды. Берік Өмірзақов, кадр мәселесін және баспасөз клубы және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс саласындағы жұмыстарға жетекшілік ететін болады.
XS
SM
MD
LG