Accessibility links

Қазақстан Қытай арасындағы шекара сызығын демаркациялау туралы хаттама

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

“Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Респбубликасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттаманы бекіту туралы” заң жобасы Сенаттың жалпы отырысында қаралады.

Парламент Мәжілісі мақұлдаған “Қазақстан Респбликасының Үкіметі мен Қытай Халық Респбуликасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттаманы бекіту туралы ” заң жобасы маусымның 27-і күні өткен Сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырсында қаралды.

Жобаны қарау барысында Комитет төрағасы Жабайхан Әбділдин, шекараны демаркациялаған Қазақстан-Қытай парламенттерінің ратификациясы бар, енді бұл мәселеде ешқандай сөз болмайтындығын айтты.

Аталған хатама 2002 жылғы мамыр айының 10-ы күні Пекин қаласында жасалған.

1996 және 2001жылдар кезеңінде қазақстан-қытай бірлескен деморкациялық комиссиясы мемлекеттік шегараны деморкациялауды жүзеге асырған. Мемлекеттік шекараның демаркацияланған сызығының жалпы ұзақтығы 1 мың 782,75 шақырымды құрайды. Оның ішінде құрылықтағы шекара жері-1 мың 215, 86 шақырымды, ал, сулы жердегісі-566,89 шақырым құрайды.

Аталған Хаттаманың 2-ші бабына сәйкес тараптар мемлекеттік шекараның демаркацияланған сызығына 559 шекара белгісін орнатқан.

Ал, осы хаттаманың 7-ші бабына сәйкес аталған хаттама күшіне енгеннен кейін тараптар 10 жылда бір рет мемлекеттік шекараның сызығына бірлескен тексеру жүргізеді.

Парламент Сенатының тұрақты комитеттері тарапынан аталған заң жобасына ескертулер мен ұсыныстар болған жоқ.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті заң жобасын Сенаттың жалпы отырысында қарауды ұйғарды.
XS
SM
MD
LG