Accessibility links

Рахым Омарбек үйiнiң алдында оққа ұшты

  • Төлеутай ТҰРАРҰЛЫ

Қарағанды облыстық спорт және туризм комитетi жанындаңы спорт мектебiнiң директоры Рахым Оразбаевты Кеңес Конституциясы көшесiндегi өзi тұратын үйдiң алдында әлдекiмдер атып кеткен.

Қазақ ақпарат агенттiгiнiң хабарлауынша, тергеу, iздестiру мекемелерi бұл туралы ешқандай анықтама бермей отыр. Әзiрге, уақиғаның жөн-жобасын медициналық жедел жәрдем қызметкерлерiнiң айтуымен елестетуге болады. Олардың сөзiне қарағанда, Рахым Омарбековтың мәйiтi элетр желiсiн реттеушi қондырғының жанынан табылған. Алғашқыда тоққа түсiп өлгендей көрiнген Рахым Омарбеков кiсi қолынан мерт болыпты. Оның кеудесiн оқ тесiп өткен.

Полиция өкiлдерi әзiрге жақ ашпай отырғанмен, мұны жалданбалы жендеттiң iсiне жорушылар көп. Яғни, Рахым Омарбековтың тапсырыспен өлтiрiлуi мүмкiн деген болжамның салмағы басым. Көршiлерiнiң айтуынша, қанды уақиғаның алдында бүкiл үйде жарық сөнiп қалған. Осы уақытта жұмысқа шығып бара жатқан Рахым Оразбеков оққа ұшқан. Ендеше, жарықтың сөндiрiлуi де тегiн емес делiнедi.

40 жасқа ендi толған Рахым Оразбаев республикадағы танымал спорт мамандарының бiрi едi. Кезiнде әйгiлi боксшы болған ол Қазақстан чемпионы және халықаралық жарыстардың жеңiмпазы ретiнде де танымал.
XS
SM
MD
LG