Accessibility links

Израиль президентi Қазақстан басшысының яхуди және ислам дiндерiн жақындату ниетiн жоғары бағалайды

  • Төлеутай ТҰРАРҰЛЫ

ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнiң ақпарат және талдама басқармасы Қазақстанның Израйыл мемлекетiндегi елшiсi Қайрат Әбдiрахмановтың маусымның 26-сы күнi Израйылдың Президентi Моше Кацавқа Сенiм грамотасын тапсырғанын хабарлады.


Салтанатты рәсiмнен кейiнгi әңгiме барысында тараптар алдағы уақытта Қазақстанда iрi дiндер өкiлдерiнiң форумын өткiзу идеясының маңыздылығына тоқталып, мұның өзi бейбiтшiлiктi және дiни конфессиялардың халықаралық аренадағы диалогын нығайта түседi деп бағалаған. Моше Кацав мырза Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың иуда дiнi мен ислам дiнiн жақындату бағытындағы еңбегiне де жоғары баға берген. Сондай-ақ, ол Израйылдың халықаралық қауiпсiздiк жүйесiн қалыптастыру жөнiндегi бастамасын қолдайтынын және Азиядағы өзара iс-қимыл және сенiм шаралары дамыту үрдiсiне белсене атсалысуға ниеттi екенiн бiлдiрген.
XS
SM
MD
LG