Accessibility links

Қырғызстан өкіметі қырғыз оппозициясының жетекшісі Куловқа неге түрмеден сөз алуға рұқсат беріп отыр?


Бүгінде түрмеде отырған Қырғызстан оппозициясының әйгілі жетекшісі Феликс Кулов абақтыдан ақпарат құралдарына оңды-солды интервьюлер беріп жатыр.

Ол интервьюлерінде Қырғызстан басшылығын оңдырмай сынап та жатыр. Сонда, Қырғызстан өкіметі Куловқа неге мұнша сөз бостандығын беріп қойды деген сауал туындайды.

Феликс Кулов алғаш рет 2000-шы жылдың наурызында тұтқындалды деп жазады радиомыздың талдаушысы Антуан Блуа.Содан бері ол түрмеде отырса да, шетелдік және жергілікті ақпарат құралдарына талай интервьюлер беріп үлгерді. Ол интервьюлерінде Кулов Қырғызстан өкіметінің "сыбағасын" береді.

"Бүгін біз бірінші рет ашықтан –ашық президент Асқар Ақаевқа да, оны қолдайтын партияларға да оппозицияда екенімізді жариялаймыз.Осыдан үш жыл бұрын "Арнамыс" партиясын құрған кезде жалпы алғанда біз президентті қолдадық.Алайда, бүгінде кейбіреу Ақаевтың жақсы жақтарын тілге тиек еткенімен, елдегі саяси басшылықты қолдау мүмкін емес".

Кулов сондай-ақ, өкіметті өз саясатын жургізу үшін елдегі саяси оппозицияны қудалап отыр деп айыптайды.Осы ай басында өкімет жапқан "Моя Столица" газетіне берген интервьюінде Кулов өкіметті оппозицияға қарсы "заңсыз да ақымақтық" шабуылдар жасады деп сынады.Бұл сұхбаттарында Кулов өзін өкімет алдындағы басты кінәсі- президентікке таласуға ниет білдіргендігі дейді.Кулов 2000-шы жылы "Арнамыс" партиясының атынан президенттік сайлауға түспекші болған. Алайда, жиілетіп кеткен тұтқындаулар оған бұ сайлауға қатысуға мүмкіндік бермеді.2001-ші жылы Қырғызстан соты Кулов ұлттық қауіпсіздік министрі болып тұрған кезде қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тақты. 2002-ші жылы тағы да сот болып, ол Куловты Бішкек шахарының мэрі болып тұрған кезде мемлекет қаржысын талан-таражға салды деп айыптады. Сот шешімі қырғыз қоғамында кезінде толқу тудырғаны белгілі.Қырғызстан көлемінде қарсылық шерулері, аштық жариялаулар біріне-бірі ұласқаны аян.Нью -Йоркте орналасқан Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының маманы Рейчел Денбер:

"Тұтқындар өз отбасымен, жақын достарымен байланыс жасауға құқықты.Бұл құқық Біріккен Ұлттар Ұйымының тұтқындар құқығы жөніндегі негізгі стандарттарда келітірілген".

Бішкектегі Америка-қырғыз құқық қорғау ұйымының директоры Наталия Аблова Қырғыз өкіметінің Куловтың баспасөз бетіндегі сыни пікірлерін тұншықтырғысы келсе де, шамасы келмей отыр дейді. Оның себебі Куловтың сыртында халықаралық қауымдастық пен қырғыз қоғамы тұр дейді.

"Қырғыз үкіметіне қысымдар болды.Сондықтан билік иелері ең болмағанда осыған рұқсат беруге мәжбүр болды".

Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының маманы Акасия Шиелдс:

"Феликс Куловтың пікірін алып отыру біздің бәріміз үшін, әсіресе, сырттағы әлем үшін пайдалы.Ендігі басты алаңдаушылық оның тіптен де, түрмеде отыруға тиіс емес екендігінде".
XS
SM
MD
LG