Accessibility links

Маргарет Тэтчердің күйеуі қайтыс болды.


Кеше Лондонда Ұлыбританияның бұрынғы премьер министрі Маргарет Тэтчердің күйеуі 88 жастағы Сэр Денис Тэтчер қайтыс болды. Сэр Денис Тэтчер ұзақ жылдар бойы атақты жұбайының көлеңкесінде өзінің табысты бизнесін жасап келген. Маргарет Тэтчердің өкілі мәлімдегеніндей, Сэр Денис өзінің әйелі билікте болған кезінде оған үлкен қолдау көрсетіп отырған. Сондай-ақ, Ұлыбританияның премьер министрі Тони Блэр Маргарет Тэтчерге күйеуі Денис Тэтчердің өліміне байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтты.Және Ұлыбританияда ресми сапармен жүрген Ресей президенті Владимир Путин де Маргарет Тэтчерге көңіл айтқан.
XS
SM
MD
LG